Біздің артықшылықтарымыз
  • Білікті мамандар
    Арнайы білім бар, балаға мейіріммен қарайтын қызметкерлер жұмыс атқарады.
  • Дамытушы орта
    Баланың қызығушылығына қарай дамытушы орталар ұйымдастырылған.
  • Инновациялық әдіс
    Күнделік оқу іс-әрекеттерде инновациялық әдістер қолданылады.
Балабақша туралы
Royal kids балабақшасы — бұл баланың қауіпсіздігі, жан-жақты дамуы және бақытты балалық шағы кепілдендірілген мекен. Біз әрбір бүлдіршінге ерекше ықыласпен, жылулықпен қараймыз. Балабақшамызда 2-6 жас аралығындағы 2 топ бар.
Фотогалерея
Құжаттар
Оқу-тәрбие жұмысы
Физикалық қасиеттерді дамыту
Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді қарастырады.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады.
Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, ғылыми-зерттеу іс-әрекетін дамыту өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше балаларды оң әлеуметтендіру.
Ибраимова Асем
Балабақша басшысы
Балабақша – бұл барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы алтын босағасы, адам тұлғасының іргетасы қаланатын киелі мекен. Дәл осы жерде бала алғашқы досын тауып, әлеуметтік өмірге бейімделеді
Байланыс
87012202929
Почта
Астана қаласы, Ақмешіт 19/6
Made on
Tilda